
Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Ералы Тоғжанов Жызақ облысындағы қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу 1996 жылы құрылған Ұлттық «Достық үйі» орталығында өтті. Орталық ұлттық дәстүрлерді, тілді және мәдени мұраны сақтау мен дамытуға, сондай-ақ өскелең ұрпаққа мәдени-ағартушылық іс-шаралар ұйымдастыруға маңызды үлес қосып келеді.
Бүгінде аталған бірлестік аясында қазақ, қырғыз, тәжік, татар, корей және орыс мәдени орталықтары жұмыс істейді. Олар этносаралық келісім мен өзара құрметті нығайтуға бағытталған орта қалыптастыруда