
Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Ералы Тоғжанов Жызақ облысына жұмыс сапарымен барды.
Сапар барысында Жызақ облысының хокимі Улугбек Мустафоевпен кездесу өтіп, сауда-экономикалық, инвестициялық және өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, сондай-ақ екі ел өңірлері арасындағы тікелей байланыстарды кеңейту мәселелері талқыланды.
Мемлекет басшыларының өзара сауда көлемін 2030 жылға қарай 10 млрд долларға жеткізу жөніндегі тапсырмаларын іске асыруға, сондай-ақ өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, логистика және туризм салаларындағы өзара іс-қимылды жандандыруға ерекше назар аударылды.
Сапар аясында Елші Жызақ облысындағы бірқатар ірі кәсіпорындардың, оның ішінде ADM Jizzakh, BMB-NRG Agrologistics, Agro Plus, Master Building, BYD Uzbekistan және Deya кондитерлік кәсіпорнының қызметімен танысты.
Тараптар іскерлік байланыстарды одан әрі кеңейту, инвестициялар тарту және бірлескен жобаларды іске асыруда зор әлеуеті бар екенін атап өтті.