Ташкентте спорт саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселесі талқыланды

Ташкентте спорт саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселесі талқыланды

Ташкент, 2026 жылғы 16 қыргүйек – Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ералы Тоғжанов Өзбекстанның Спорт министрі Адхам Икрамовпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар дене шынықтыру және спорт саласындағы Қазақстан-Өзбекстан ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылап, бейінді ведомстволар, спорт федерациялары мен екі елдің ұйымдары арасындағы байланыстардың тұрақты түрде дамып келе жатқанын атап өтті.

Ералы Тоғжанов өзбек тарапын ел спортшыларының халықаралық аренадағы жетістіктерімен құттықтап, спорттың түрлі түрлеріндегі табыстарын атап өтті, сондай-ақ 200-ден астам елдің өкілдері қатысып отырған Шахмат олимпиадасының ашылуымен құттықтады.

Сонымен қатар тараптар ірі халықаралық спорттық іс-шараларды дайындау және өткізу мәселелері бойынша пікір алмасты. Өңірлік және халықаралық спорт күн тәртібі аясында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара іс-қимылды нығайтудың маңыздылығы атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тұрақты жұмыс байланыстарын жалғастыруға, тәжірибе алмасуды кеңейтуге және спорт саласындағы бірлескен бастамаларды іске асыруға жәрдемдесуге дайын екендерін растады.