
Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Елшісі Ералы Тоғжанов Біріккен Ұлттар Ұйымының Өзбекстандағы Тұрақты үйлестірушісі Сабина Махлмен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін, сондай-ақ жастар ынтымақтастығын дамыту перспективаларын талқылады.
Кәсіби байланыстарды нығайтуға, тәжірибе алмасуға, сондай-ақ білім беру іс-шараларын өткізуге бағытталған жас дипломаттар қауымдастығын құру бастамасына ерекше назар аударылды.
Әңгімелесушілер өзара қызығушылық тудыратын түрлі бағыттар бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендерін білдірді.