Ташкент, 2026 жылғы 16 қыргүйек — Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Ералы Тоғжанов АҚШ-тың Өзбекстандағы Елшісі Джонатан Хэникпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында екіжақты және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, сондай-ақ одан әрі өзара әрекеттестік перспективалары талқыланды. 19 қазанда Самарқандта өтетін министрлік конференцияға ерекше назар аударылды. Әңгімелесушілер өңірлік күн тәртібіндегі өзекті бағыттар бойынша диалог пен практикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін қарастырды.
Кездесу қорытындысы бойынша дипломаттар жұмыс байланыстарын қолдауға және өзара қызығушылық танытатын мәселелер бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендіктерін растады.