Ташкент қаласында ҚР Елшілігінің қызметкерлері мен ҚР «Атамекен» ҰКП-ның Ташкенттегі өкілі ӨР Сауда-өнеркәсіп палатасы төрағасының кеңесшісімен жұмыс кездесуі өтті

Ташкент қаласында ҚР Елшілігінің қызметкерлері мен ҚР «Атамекен» ҰКП-ның Ташкенттегі өкілі  ӨР Сауда-өнеркәсіп палатасы төрағасының кеңесшісімен жұмыс кездесуі өтті

Ташкент қаласында Қазақстан Республикасы Елшілігінің қызметкерлері Т. Үшкемпір мен Н. Мұқажановтың, сондай-ақ ҚР «Атамекен» ҰКП-ның Ташкенттегі өкілі М. Сембиевтің Өзбекстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасы төрағасының кеңесшісі А. Шайховпен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында өзара сауда көлемін 10 млрд АҚШ долларына дейін жеткізу міндеті аясында екіжақты іскерлік ынтымақтастықты дамыту жөніндегі практикалық шаралар талқыланды. Жалпы сипаттағы бизнес-форумдардан нақты жеткізілімдерге, кооперациялық және инвестициялық жобаларды іске асыруға, сондай-ақ үшінші елдердің нарықтарына бірлесіп шығуға бағытталған бейінді компаниялардың мамандандырылған салалық кездесулеріне көшу мәселесіне ерекше назар аударылды.

А. Шайхов ҚР «Атамекен» ҰКП өкілдігінің Ташкент қаласында ашылуын оң бағалап, оның екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды кеңейтудегі маңызын атап өтті.