Ташкент, 2026 жылғы 8 қыркүйек — Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Ералы Тоғжановпен Тәжікстанның Өзбекстандағы Елшісі Исматулло Насрединнің Тәжікстанның Өзбекстандағы Елшілігінде сыпайылық кездесуі өтті.
Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен өңірлік күн тәртібі бойынша пікір алмасу болды. Тараптар Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы достық қатынастардың жоғары деңгейін атап өтіп, өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға дайын екендерін білдірді.
Екі елдің дипломатиялық өкілдіктері арасындағы жұмыс байланыстарын одан әрі нығайтуға ерекше назар аударылды.