
2026 жылғы 4 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшісі Ералы Тоғжановтың Өзбекстан Республикасы Президентінің әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кеңесшісі, Ұлттық әлеуметтік қорғау агенттігінің директоры Мансурбек Оллоеровпен кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар халықты әлеуметтік қорғау саласындағы Қазақстан-Өзбекстан ынтымақтастығын одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Әлеуметтік қызметтерді цифрландыруға, отбасыларға атаулы қолдау көрсетуге, балаларды қорғауға, мүгедектігі бар адамдарды қолдауға, ұзақ мерзімді күтім жүйесін дамытуға, сондай-ақ бейінді ұйымдар арасында тәжірибе алмасуға ерекше назар аударылды.
Екі елдің бейінді құрылымдары арасында тұрақты жұмыс байланыстарын қолдау, сондай-ақ әлеуметтік салада тәжірибе алмасу және бірлескен бастамаларды талқылау үшін тұрақты диалог алаңын құру мәселесін пысықтау жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар әлеуметтік саладағы ынтымақтастықты неғұрлым жүйелі және практикалық бағыттағы форматқа көшіруге, оның ішінде өзара сапарлар мен бірлескен сараптамалық іс-шаралар өткізуге өзара мүдделілігін растады.