Ташкентте «Түркі әлемінің рухани мұрасы: әдебиет – дәуірлер мен ұрпақтар сабақтастығы» атты Қазақстан мен Өзбекстан жазушыларының форумы өтті

Ташкентте «Түркі әлемінің рухани мұрасы: әдебиет – дәуірлер мен ұрпақтар сабақтастығы» атты Қазақстан мен Өзбекстан жазушыларының форумы өтті

Ташкент, 2026 жылғы 3 қыркүйек. Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен Ташкентте «Түркі әлемінің рухани мұрасы: әдебиет – дәуірлер мен ұрпақтар сабақтастығы» атты Қазақстан мен Өзбекстан жазушыларының форумы өтті.

Форумның тарихы 1926 жылы Бакуде өткен Бірінші түркологиялық съезден бастау алады. Арада 100 жыл өткен соң, 2026 жылы әдеби диалог жаңа серпін алды. Биылғы Форум Қазақстан мен Өзбекстанның жазушылары мен әдеби қауымдастықтары өкілдерінің қатысуымен өткен алғашқы ауқымды кездесу болып, екі бауырлас халықтың мәдени өзара қарым-қатынасының дәстүрін жалғастырды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі М.Отарбаев, Өзбекстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Х.Султонов, Өзбекстанның Мәдениет министрі О.Назарбеков, Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Е.Тоғжанов, Түркі мәдениеті және мұрасы қорының Президенті А.Райымқұлова, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы М.Құлкенов, Өзбекстан Жазушылар одағының төрағасы С.Саидов, сондай-ақ екі елдің мәдениет және әдебиет қайраткерлері, белгілі жазушылар мен ақындар, әдебиеттанушылар, аудармашылар және шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты.