2026 жылғы 12 наурызда Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұловтың Өзбекстан Республикасының Мектепке дейінгі және мектеп білімі министрі Эъзозхон Каримовамен кездесуі өтті.
Тараптар екі ел арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Өзара іс-қимылдың тұрақты оң серпіні атап өтіліп, мектепке дейінгі және мектеп білім беру жүйесін реформалау тәжірибесімен алмасудың, заманауи білім беру стандарттарын енгізудің, сондай-ақ оқушылар мен педагог кадрларды даярлау сапасын арттырудың маңыздылығы айтылды.
Кездесу барысында Елші білім беру саласының елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі стратегиялық рөлін атап өтіп, өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту сапасы қоғам мен мемлекеттің болашағын айқындайтынын ерекше атап өтті.
Сондай-ақ академиялық байланыстарды нығайтуға, білім беру үдерістерін цифрландыруға, дарынды жастарды қолдауға, педагог кадрларды даярлау саласындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге және білім беруде инновациялық тәсілдерді енгізуге бағытталған бірлескен бастамаларды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Елші Министрді 2026 жылғы 22–24 сәуірде Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммит туралы хабардар етті. Іс-шара аясында БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен «Балалар, жастар және климат» тақырыбында дөңгелек үстел өткізу жоспарланған.
Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдетуге және гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған жаңа практикалық жобаларды жүзеге асыруға өзара мүдделілік білдірді.