2026 жылғы 10 ақпанда Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшісі Бейбіт Атамқұлов пен Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Бобур Усмановтың кездесуі өтті.
Аталған кездесу 2026 жылғы қаңтар айында Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Б. Саидовпен өткен келіссөздердің жалғасы болып, ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін неғұрлым егжей-тегжейлі талқылауға арналды.
Тараптар ағымдағы жылға жоспарланған екіжақты іс-шаралар мен ірі халықаралық оқиғалардың кестесін, сондай-ақ бірлескен үкіметаралық және салалық ынтымақтастық тетіктері аясындағы алдағы отырыстарды қарастырды.
Елші Б. Атамқұлов өзбек тарапын Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформалар және елде өткізілетін алдағы референдум туралы хабардар етті.
Сондай-ақ 2026 жылғы сәуірде Астана қаласында өтетін Өңірлік экологиялық саммитке дайындық барысы, оның ішінде экология, орнықты даму және білім беру салаларындағы көптеген іс-шараларды өткізу жоспарлары туралы мәлімет берді. Осы орайда Елші Қазақстан Республикасы Президенті Қ. К. Тоқаевтың БҰҰ жүйесінде Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасымен және оны іске асыруға қатысты ұсыныстарымен таныстырды.
Өз кезегінде Б. Усманов Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформаларға өзбек тарапының зор қызығушылығын атап өтіп, алдағы референдумға шынайы қолдау білдірді.
Сонымен қатар Сыртқы істер министрінің орынбасары жоспарланған іс-шараларға белсенді қатысуға дайын екенін растады және Қазақстан Республикасының халықаралық деңгейде ұсынған бастамаларын жоғары бағалады.
Кездесу барысында азаматтардың құқықтарын қорғау, көпжақты құрылымдар, соның ішінде ИЫҰ және БҰҰ ЭСКАТО аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.
Кездесу сындарлы әрі іскерлік жағдайда өтті.