2025 жылғы 18 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұлов пен Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Бахромжон Аълоевтің кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар өткен жылдағы бірлескен жұмыстың қорытындыларын шығарып, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары бойынша қол жеткізілген нәтижелерді талқылады.
Елші Б. Атамқұлов 2025 жылы Өзбекстанның халықаралық күн тәртібінің белсенді болғанын атап өтіп, ірі халықаралық іс-шаралардың өткізілуі елдің және тұтастай алғанда өңірдің халықаралық беделін нығайта түсетінін айтты.
Өз кезегінде Б. Аълоев екі ел арасындағы саяси диалог пен практикалық ынтымақтастықты одан әрі күшейтудің маңыздылығына назар аударды. Өзбекстандық дипломат екіжақты байланыстардың жоғары динамикасын және екіжақты әрі өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша әрекеттердің үйлесімділігін жоғары бағалады.
Кездесу соңында тараптар келесі жылға арналған халықаралық іс-шаралардың шамамен кестесін талқылап, халықаралық және өңірлік ұйымдар шеңберінде тараптардың кандидатураларын өзара қолдауға дайын екендіктерін растады.