Елші Б. Атамқұлов Өзбекстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Б. Усмановпен кездесті

Елші Б. Атамқұлов Өзбекстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Б. Усмановпен кездесті

Ташкент, 2025 жылғы 9 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшісі Б. Атамқұлов пен Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Б. Усманов арасында кездесу өтті.

Әңгіме барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін қарастырып, сауда-экономикалық саладағы оң динамиканы, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстардың нығаюын атап өтті. Биылғы жылы барлық деңгейдегі байланыстардың жоғары қарқындылығы байқалып отырғаны, бұл екі ел арасындағы қатынастардың стратегиялық сипатын көрсететіні атап өтілді.

Әңгімелесушілер жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың маңыздылығын атап өтіп, оларды іс жүзінде жүзеге асыру бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.
Сондай-ақ, парламентаралық ынтымақтастықтың кеңейтілуі мен екі елдің ғылыми және мәдени орта өкілдері арасындағы байланыстардың жандана түскені атап өтілді. Бұл өзара түсіністікті дамытуға және достық қарым-қатынастарды нығайтуға ықпал етеді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық әріптестікті және одақтастықты одан әрі тереңдетуге ниетті екенін растады.