2025 жылғы 15 тамызда Ташкент қаласындаОрталық Азия халықаралық институтында қазақ халқының ұлы ағартушысы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай «Абай Құнанбайұлыныңрухани мұрасының Орталық Азия халықтарының мәдени интеграциясын нығайтудағы рөлі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияны Қазақстанның ӨзбекстандағыЕлшілігі мен Орталық Азия халықаралық институты бірлесіп ұйымдастырды.
Қатысушылар қатарында – Орталық Азия елдері мен халықаралық ұйымдардың зерттеушілері, жазушылары, аудармашылары,өнер және мәдениет қайраткерлері, сондай-ақ Өзбекстандағы қазақ, қырғыз, тәжік, түрікмен, әзербайжан, беларусь, орыс, татар және башқұрт мәдени орталықтарыныңөкілдері қатысты.
Қазақстан делегациясы құрамында: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ислам ғылыми-зерттеу институтыныңдиректоры, филология ғылымдарының кандидаты Қыдыр Төрали; Қазақстан Жазушылар одағы Поэзия кеңесінің төрағасы, филология ғылымдарыныңкандидаты, ақын Қаирбеков Әділғазы; М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Шыршық қаласындағы филиалының ректоры, ҚРҰлттық ғылым академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор
Қожамжарова Дария; Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, «Абайтану» орталығының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы Ысқақұлы Дандай; М.Әуезов атындағы ОҚУ жанындағы «Мұхтартану» ғылыми-зерттеуорталығының ғылыми қызметкері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Ақжол Қалшабек болды.
Сонымен қатар, өзбек абайтанушысы, А.Навоиатындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университетінің кафедра профессоры Баходир Каримов, Қазақстанның Өзбекстандағы Елшілігінің қолдауыменжарық көрген «Абай Маарифаты» («Абайдың ағартушылығы») атты өзбек тіліндегі кітабын таныстырды.
Қатысушылар Абай шығармашылығы – ОрталықАзияның ортақ қазынасы, халықтарды ортақ құндылықтар, тарихи жады және білімге ұмтылыс негізінде біріктіретін мұра екенін атап өтті. Конференция ғылыми пікіралмасу мен мәдени интерпретациялар алаңына айналып, жастар, ғылыми қауымдастық және кең ауқымды аудитория арасында оның идеяларын насихаттауға бағытталғанпрактикалық бастамаларды талқылау мүмкіндігін берді.
Конференция барысында Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Бейбіт Атамқұлов құттықтау сөз сөйлеп, Орталық Азияхалықаралық институтына қазақ-өзбек мәдени диалогы мәселелеріне ерекше көңіл бөлгені үшін шынайы алғыс білдірді. Сондай-ақ, «Абайдың мерейтойы – ұлттықауқымды ғана емес, жалпы өркениеттік мәнге ие оқиға, өйткені Абай өз шығармашылығында араб, парсы, түркі, орыс және батысеуропалық ойды тоғыстыраотырып, Шығыс пен Батыс арасындағы шынайы көпір бола алды» деп атап өтті.
Елші Абайдың исламдық-шығыстық және орыс-еуропалық философияны біртұтас гуманистік тұжырымдамаға біріктіргенін айтакеле, бұл идеялар халықтар арасындағы рухани байланыстарды нығайтуға қызмет ететінін жеткізді.
Іс-шара барысында Абайдың «Желсіз түндежарық ай», «Көзімнің қарасы» және басқа да әндері Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі, опера әншісі, Өзбекстан, Қарақалпақстан, Башқұртстанжәне Татарстанның халық әртісі Жеңісбек Пиязовтың, сондай-ақ белгілі өзбек әншілері Дониёр Ғоипов пен Ақылбек Пиязовтың орындауында шырқалды.
Бұл іс-шара бауырласхалықтар арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтып, мәдениетаралық диалогтың аясын кеңейтуге және Абайдың ұлы мұрасын көрсетуге үлес қосты. Ұлытұлғаның мұрасы Орталық Азия елдерінің өткені мен болашағын жалғайтын берік көпірге айналары сөзсіз. Бүгінгі өзара іс-қимыл халықтар арасындағыгуманитарлық байланысты жаңа белеске көтереді.