2025 жылғы 5 маусымда Елші Бейбіт Атамқұлов Ұлтаралық қатынастар комитетінің төрағасы Кахраман Сариевпен кездесті

2025 жылғы 5 маусымда Елші Бейбіт Атамқұлов Ұлтаралық қатынастар комитетінің төрағасы Кахраман Сариевпен кездесті

Ташкент, 2025 жылғы 5 маусым – Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшісі Бейбіт Атамқұлов Өзбекстан Республикасының Ұлтаралық қатынастар және шетелдегі отандастармен жұмыс жөніндегі комитетінің төрағасы Кахрамон Сариевпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар бауырлас екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту, диаспораларды қолдау және ұлтаралық келісімді нығайту мәселелерінің кең ауқымын талқылады.
Халықаралық аренадағы күш-жігерді үйлестіру мен этникалық алуан түрлілік пен төзімділік қағидаттарын ілгерілетуге ерекше назар аударылды.
Негізгі тақырыптардың бірі — шекаралас өңірлердегі өзара байланыстарды дамыту болды. Қазақстан тарапы шекаралас облыстардың Тату көршілік ассамблеясын құруды, халықтық дипломатия күндерін өткізуді және этнотуризм, қолөнер мен білім беру салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды.
Кездесу ашық әрі конструктивті диалог аясында өтіп, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің маңыздылығын тағы да айқындай түсті.