Меню
Страницы

🎥Ташкентте қазақ киносының күндері өтті

🎥Ташкентте қазақ киносының күндері өтті

2025 жылғы 13–14 желтоқсан күндері Ташкент қаласында Әлішер Науаи атындағы Ұлттық киноөнер сарайында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы, Өзбекстан Республикасы Мәдениет министрлігі жанындағы Кинематография агенттігі тарапынан, Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігінің қолдауы мен жәрдемі арқылы Қазақ киносының күндері өтті.

Іс-шара Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған.

Өзбек көрерменіне қазақ кинематографиясының бай мәдени мұрасы мен заманауи жетістіктерін бейнелейтін «Әміре», «Дос-Мұқасан» және «Паралимпиец» көркем фильмдері ұсынылды.

Іс-шараның ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұлов екі бауырлас халық арасындағы мәдени байланыстарды жүйелі түрде дамыту маңызды екенін атап өтіп, өнер қайраткерлерінің елдер арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайтуға қосқан елеулі үлесін ерекше атап өтті.

Ташкент қаласында Қазақ киносының күндерін өткізу Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени диалогты кеңейтуге бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады және гуманитарлық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді.

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Мемлекеттік рәміздері