
🇰🇿🚑🇺🇿Өзбекстанда Қазақстан медицинасы күндері бірегей жобасы басталды.
Іс-шараға Қазақстаннан келген 100-ге жуық түрлі саладағы дәрігерлер қатысуда. Олар Ташкент, Самарқанд, Бұхара және Ферғана облыстарындағы, сондай-ақ Қарақалпақстан Республикасындағы медициналық мекемелерде шеберлік сабақтарын, консультациялар мен хирургиялық операциялар өткізеді және оқыту семинарларын ұйымдастырады.
Медицина күндері 5 күнге созылып, Қазақстан мен Өзбекстан денсаулық сақтау министрлері қатысатын ірі екіжақты медициналық форуммен аяқталады.
Жоба барысында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Сырдария және Жызақ облыстары тұрғындарына бастапқы медициналық тексеру жүргізу үшін төрт мобильді медициналық кешенді ұсынады.