Меню
Страницы

2025 жылғы 3 қыркүйекте Ташкент қ. ұлы суретші Орал Тансықбаевтың 120 жылдығына арналған көрменің ашылуы

2025 жылғы 3 қыркүйекте Ташкент қ. ұлы суретші Орал Тансықбаевтың 120 жылдығына арналған көрменің ашылуы

2025 жылғы 3 қыркүйекте Ташкент қаласында ұлы суретші Орал Тансықбаевтың 120 жылдығына арналған көрменің ашылуы өтті.

Өзбекстанның Бейнелеу өнері галереясында Қазақстан мен Өзбекстан мәдениеті мен өнеріндегі ең ірі оқиғалардың бірі – ХХ ғасырдың көрнекті суретшісі Орал Тансықбаевтың (1904–1974) шығармашылығына арналған салтанатты көрме ашылды.
Көрме Өзбекстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің басшысы Саида Шавкатқызы Мирзиёеваның бастамасымен Өзбекстан Мәдениет және өнерді дамыту қоры ұйымдастырды. Іс-шаранының өтуіне Қазақстанның Өзбекстандағы Елшілігі де қолдау көрсетті.

124 туындыдан тұратын экспозицияны Қазақстан мен Өзбекстанның жетекші музейлерінің қорларынан әкелінген, әлемге танымал өнертанушы, халықаралық көрмелердің кураторы Зельфира Трегулова таныстырды.

Көрмеге Өзбекстан Олий Мажлисінің Сенаты Төрағасының бірінші орынбасары Садык Сафаев, Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің Креативті экономика және туризм департаментінің басшысы, Мәдениет және өнерді дамыту қорының төрайымы Гаянэ Умерова, Қазақстан мен Өзбекстанның белгілі суретшілері мен өнертанушылары, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, түрлі мемлекеттердің дипломатиялық корпусы, БАҚ, сондай-ақ жергілікті тұрғындар мен қала қонақтары қатысты.

Орал Тансықбаев көрмесі – Орталық Азияның сұлулығы мен рухын бейнелейтін аңызға айналған картиналарды көруге бірегей мүмкіндік. Экспозицияда белгілі пейзаждар, портреттер мен тақырыптық туындылар ұсынылған. Суретші ұлттық колоритті жаңашыл өнер тәсілдерімен ұштастыра білді.
Бұл көрме ұлы шеберді еске алу ғана емес, жас суретшілерді шабыттандыруды да мақсат етеді.

Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Бейбіт Атамқұлов өз сөзінде: «Тансықбаев мұрасы – тек Қазақстан мен Өзбекстанның ғана емес, бүкіл ортақ шаңырағымыз – Орталық Азияның қазынасы. Оның картиналары – біздің тарихымыз, біздің жанымыз. Оның шығармашылығы халықтарымызды біріктіретін тамырды тереңірек түсінуге көмектеседі», – деп атап өтті.

🖼Көрме 2025 жылғы 20 қарашаға дейін жалғасады.

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Мемлекеттік рәміздері