
А.ж. 25-26 қыркүйекте Самарқанд қаласында Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің (АБИИ) Басқарушылар Кеңесінің IX жыл сайынғы «Барлығына тұрақты инфрақұрылым құру» тақырыбында кезекті отырысы өтті.
Іс-шараға ҚР Ұлттық экономика вице-министрі А.Б.Қасенов, 100-ден астам елден жоғары деңгейдегі делегациялар, Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің, Дүниежүзілік Банктің, Азия даму банкінің, Түркі инвестициялық қорының және басқа да халықаралық институттардың басшылары мен өкілдері, жетекші шетелдік компаниялардың топ-менеджерлері және беделді сарапшылар (2 мыңға жуық делегат) қатысты.
Күн тәртібіне жаһандық экономика мен қаржының өзекті мәселелері, Азия мен әлемнің басқа өңірлеріндегі стратегиялық бағдарламалар мен инфрақұрылымдық даму жоспарлары енгізіліп, форум аясында инфрақұрылымды қаржыландырудағы инновацияларға, климаттың өзгеруіне және тұрақтылыққа төзімділікке және инфрақұрылымдық жобаларды цифрлық трансформациялауға арналған 25 панельдік сессиялар, пікірталастар, іскерлік таңғы ас, министрлер мен губернаторлардың дөңгелек үстелдері өтті.
Іс-шараның басты оқиғасы Өзбекстан Республикасының Президенті Ш.Мирзиёевтің қатысуымен өткен инаугурациялық сессия болды. Өзбекстан көшбасшысы өз сөзінде жүргізіліп жатқан реформалар мен қайта құрулар туралы егжей-тегжейлі айтып, экономиканы ырықтандыруға, халықтың өмір сүру деңгейі мен табысын арттыруға ерекше көңіл бөлінетінін баса айты.
Форум аясында ҚР Ұлттық экономика Вице-министрі А.Қасеновтың Еуропалық инвестициялық банктің вице-президенті К. Какуриспен және Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің вице-президенті К.Лимитовскиймен екіжақты кездесулері өтті.
Жоғарыда аталған кездесулер барысында қаржы институттарының ҚР-мен ынтымақтастығын кеңейтудің қазіргі жағдайы мен перспективалары туралы пікір алмасылды. Қазақстанда көлік, энергетика, су және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту және салу жөніндегі жобаларды бірлесіп қаржыландыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.