Қазақстан делегациясы білім беру тәжірибесімен алмасу үшін Эстонияға келді

Қазақстан делегациясы білім беру тәжірибесімен алмасу үшін Эстонияға келді

Таллинн, 25.04.2025 - Білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық аясында Эстонияға Қазақстанның мектептері мен мектепке дейінгі мекемелері өкілдерінің делегациясы келді. Сапар барысында олар оқытудың озық әдістемелерімен, білім беру инфрақұрылымымен және практикалық тәсілдермен танысты. Аталған озық тәсілдері арқылы эстониялық білім беру жүйесі PISA рейтингінде тұрақты жоғары орын алады. 

Делегация жастарды дамыту бағдарламаларына және қазіргі әлемде қажетті негізгі дағдыларды қалыптастыруда ерекше назар аударылған Пярну қаласына барды. Қонақтар сыни ойлауды, цифрлық сауаттылықты және әлеуметтік құзыреттілікті дамытуға бағытталған жастармен жұмыс істеудің инновациялық әдістерін зерттеді. 

Сапар аясында білім беру мекемелерінің өкілдерімен кездесулер, үздік тәжірибелермен алмасу және одан әрі ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылау өтті. Екі тарап байланыстарды нығайтуға, білім беру сапасын арттыруға және оны қазіргі заманғы сын-тегеуріндерге бейімдеуге бағытталған бірлескен білім беру жобалары мен алмасу бағдарламаларын жүргізуге қызығушылық білдірді.