Эстония Қазақстанмен өңірлік ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайындығын көрсетуде

Эстония Қазақстанмен өңірлік ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайындығын көрсетуде

Таллинн, 2025 жылғы 21 ақпан – Облыс әкімі Марат Ахметжанов бастаған Ақмола облысы өкілдерінің делегациясы жұмыс сапары шеңберінде Эстонияға келді. Сапардың негізгі тақырыбы Эстония порттары арқылы қазақстандық бидай экспортын ілгерілету, ауыл шаруашылығы және орман әкімшілігі саласында тәжірибе алмасу, сондай-ақ кәсіпорындар арасындағы іскерлік байланыстарды дамыту, өңіраралық ынтымақтастық шеңберінде экономикалық байланыстарды нығайту және халықаралық аренада облыстың инвестициялық әлеуетін ұсыну мәселелері болды.

Сапар барысында тәжірибе алмасу және академиялық ынтымақтастық шеңберінде Эстония мемлекеттік орман орталығының басшылығымен, мамандандырылған оқу орындары мен Эстония жаратылыстану ғылымдары академиясының өкілдерімен кездесулер өтті. Ауыл шаруашылығының, тамақ және химия өнеркәсібінің түрлі салаларын ұсынатын эстондық компаниялар өздерінің инновациялық өнімдері мен технологияларын ұсынды, бұл ретте Қазақстан нарығына шығуға деген қызығушылығын, сондай-ақ қазақстандық кәсіпорындармен бірлескен жобаларды іске асыруға дайындығын атап өтті.

Қазақстандық делегацияның Эстонияға сапарының маңызды қорытындысы Мууга астық терминалы мен Ақмола облысы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою болды.

Аталған кездесулерге қатысқан қазақстандық және эстондық тараптар Қазақстанның Эстониямен ынтымақтастығы бизнесті дамытуға және екі ел арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастарды нығайтуға, әсіресе екіжақты өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуге ортақ мүдделер тұрғысында ықпал ететінін бірауыздан атап өтті.