Қазақстан білікті мамандар мен цифрлық көшпенділер үшін жаңа виза санаттарын енгізуде

Қазақстан білікті мамандар мен цифрлық көшпенділер үшін жаңа виза санаттарын енгізуде

Қазақстан еліміздің жаһандық таланттар мен инновациялар орталығы ретіндегі ұстанымын нығайта отырып, білікті мамандарды, кәсіпкерлерді және қашықтағы жұмыскерлерді тартуға арналған визалардың үш жаңа санатын іске қосты. «Neo Nomad» (B12-1), «Digital Nomad» (B9-1), Тұрақты тұруға арналған (Visa for Permanent Residence) (B9) визалар Қазақстанда мансаптық өсу, бизнесті кеңейту немесе қашықтан жұмыс істеу сияқты ұзақ мерзімді мүмкіндіктер іздейтін азаматтар үшін икемді жолдарды ұсынады.

Neo Nomad визасы (B12-1): Қашықтан жұмыс істейтіндер үшін бірегей ұсыныс

Neo Nomad визасы (B12-1) Қазақстанда тұрып, шетелдік табысын сақтай отырып, қашықтан жұмыс істегісі келетін кәсіби мамандар мен цифрлық кәсіпкерлер үшін арнайы әзірленген.

  • Neo Nomad визасы – бұл бір жылға дейін берілетін көп мәртелік виза.
  • виза иелері Қазақстанда болу мерзімін тағы бір жылға ұзарта алады.
  • отбасы мүшелері мен асырауындағылар да визаны сол мерзімге ала алады, алайда еңбек және діни қызметтері қазақстандық заңнамамен шектеледі.

Заманауи инфрақұрылымның, қолжетімді өмір сүру құнының және дамып келе жатқан халықаралық іскерлік ортаның арқасында Қазақстан Орталық Азиядағы серпінді және жақсы байланысқан базаны іздейтін қашықтан жұмыс жасайтындар үшін тамаша мүмкіндік болып табылады.

Digital Nomad визасы (B9-1): Тұрақты тұруға апаратын жол

Digital Nomad визасы (B9-1) тұрақты тұруға ықтиярхат алу үшін Қазақстанға көшетін ІТ саласындағы сұранысқа ие мамандарға арналған. Ол қазақстандық жұмыс күшіне кірігуге және елдің экономикалық дамуына өз үлесін қосуға мүмкіндік береді.

  • визалық және көші-қон порталы арқылы бір жылға дейінгі қолданылу мерзімі бар бір мәртелік электрондық виза алуға болады.
  • жарамдылық мерзімі бір жылға дейін көп мәртелік қағаз визаны Ішкі істер министрлігі арқылы B9-1 бір реттік электронды виза негізінде алуға болады.

Қазақстан технологиялар, қаржы және басқа да сұранысқа ие салаларда мүмкіндіктері көп тұрақты, бизнес үшін қолайлы ортаны ұсынады. Digital Nomad визасы тұрақты тұруға рұқсат алуға өтініш беру процесі жүріп жатқан кезде мамандарға Қазақстанда қоныстануға мүмкіндік береді. Digital Nomad визасын алу үшін Astana Hub немесе Қазақстанның IT-секторындағы уәкілетті органның қолдаухаты талап етіледі.

Тұрақты тұруға арналған виза (B9): Білікті мамандар үшін ұзақ мерзімді мүмкіндік

B9 визасы медицина, ғылым, инновация, білім беру және шығармашылық индустриялар сияқты салаларда сұранысқа ие дағдылары бар шетелдік мамандар үшін Қазақстанда ұзақ мерзімді тұрақтануға мүмкіндік беретін құрылымдық жолды ұсынады.

  • мерзімі 90 күнге дейінгі бір реттік визалар.
  • мерзімі 90 күнге дейінгі көп мәртелік визалар, жылына бір рет беріледі.

Қазақстанға келе отырып кәсіби мамандар тұрақты тұруға рұқсат ала алады, бұл тұрақтылықты және жергілікті еңбек нарығына кірігу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Қазақстанның стратегиялық орналасуы, экономикалық өсудің жоғары қарқыны және бизнес үшін қолайлы саясат оны мансаптық өсуге және өмірдің жоғары сапасына ұмтылатындар үшін тартымды бағытқа айналдырады.

Не үшін Қазақстан?

Қазақстан - өмір сүрудің жоғары деңгейін, қуатты цифрлық инфрақұрылымды және кәсіби мүмкіндіктерді арттыратын өңірдегі ең жылдам дамып келе жатқан экономикалардың бірі. Ел заманауи қалалық орталықтар мен таңғажайып табиғи ландшафттардың бірегей үйлесімі болып табылады, бұл оны мансаптық өсуге де, белсенді өмір салтына да ұмтылатын кәсіби мамандар үшін тамаша бағытқа айналдырады.

Сіз ұзақ мерзімді мүмкіндіктерді іздейтін білікті маман болсаңыз да, жаңа, шабыттандыратын орын табуға ұмтылатын цифрлық көшпенді болсаңыз да, Қазақстанға визалардың жаңа нұсқалары дамып келе жатқан жаһандық орталықта өркендеу үшін қажетті икемділік пен қолдауды қамтамасыз етеді.

Визалық өтініштер мен талаптар туралы толығырақ ақпарат алу үшін Елшілікке хабарласыңыз.