Эстония астанасы «Наурыз» мерекесін атап өтті

Эстония астанасы «Наурыз» мерекесін атап өтті

Таллинн, 2024 жылғы 23 наурыз – Таллиннде «Наурыз» мерекесі атап өтілді, оған Эстониядағы қазақстандық отандастар қоғамдастығы қатысты. Дәстүрлі түрде «Лира» ұлттық-мәдени қоғамдары халықаралық бірлестігінің қолдауымен өтетін мереке халық шығармашылығының, ұлттық әндердің және қолөнер өнерінің барлық түрлерінің көрмелерінен тұрды. Осы іс-шаралар барысында қала тұрғындары Азия халықтарының дәстүрлерімен және мәдениетімен танысуға мүмкіндік алды. «Наурыздың» ашылуында Таллинн қаласының мэрі М.Кылварт пен Қазақстанның Эстониядағы Елшісі Н.Сейтімов қонақтарға құттықтау сөз сөйледі.

Көктем мереке аясында жәрмеңке ұйымдастырылды, онда жеке қазақстандық стендте ұлттық мәдениеттің элементтері: аспаздық шеберліктің үлгілері, дәстүрлі фольклорлық киімдер, тұрмыстық заттар, кәдесыйлар, сондай-ақ қазақ дәстүрлері туралы танымдық кітаптар көрсетілді.