Эстониялық сарапшылар Қазақстандағы сайлау үдерісін талқылады

Эстониялық сарапшылар Қазақстандағы сайлау үдерісін талқылады

Таллинн, 2023 жылғы 9 наурыз – Таллинндегі Қазақстанның Елшілігінде Қазақстанда өтетін алдағы кезектен тыс парламенттік сайлауға арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға сарапшылар қауымдастығының, сондай-ақ Эстонияның дипломатиялық және іскер топтарының өкілдері қатысты.

Қазақстанның Елшісі Нұрлан Сейтімов Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған саяси және экономикалық жаңғыртудың ауқымды бағдарламасы туралы толық ақпарат берді. Сайлау заңнамасының жаңартылғанына ерекше көңіл бөлінді.

Атап айтқанда, дөңгелек үстелге қатысушылар заңнамалық инновациялардан күтілетін нәтиже мен сайлау үдерісі тақырыбын талқылады. Сарапшылардың пікірінше, жаңа жағдайларда кезектен тыс парламент сайлауы елдің саяси жүйесін өзгертуге қоғамның қатысу дәрежесін айтарлықтай арттыруы мүмкін.

Кездесуге қатысушылар еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын да талқылап, Қазақстан мен Эстония арасындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары туралы пікір алмасты.