Таллиннде Қазақстандағы алдағы парламент сайлауы талқыланды

Таллиннде Қазақстандағы алдағы парламент сайлауы талқыланды

Таллинн, 2023 жылғы 3 наурыз – Қазақстанның Елшісі Нұрлан Сейтімов Эстония Республикасының Рийгикогу (Парламент) депутаты, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясындағы ұлттық делегациясының төрағасы және Қазақстанда алдағы парламент сайлауына ұйымның бақылаушылар миссиясының мүшесі Свен Сестермен кездесті.

Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстандағы сайлау процесінің жаңашылдығын, Қазақстан мен Эстония парламенттері арасындағы өзара іс-қимылды ілгерілету, парламенттік дипломатияның даму үрдістері және екіжақты Қазақстан-Эстония саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады.

Осы орайда қазақстандық дипломат Қазақстанда заң шығарушы биліктің рөлін күшейту аясында жүргізіліп жатқан реформалардың негізгі бағыттары туралы хабардар етті. Бұл ретте сайлау заңнамасын жаңартуға, атап айтқанда, парламентті құрудың өзгертілген пропорционалды-мажоритарлы моделіне ерекше назар аударылды.

Өз кезегінде С.Сестер сайлау жүйесін жетілдірудің маңыздылығын атап өтіп, кейіннен дауыс беру нәтижелеріне объективті баға бере отырып, мониторинг жүргізуге қызығушылық танытты.