Қазақстан мен Эстония цифрлық салада ынтымақтастық орнатуда

Қазақстан мен Эстония цифрлық салада ынтымақтастық орнатуда

Таллинн, 2021 жылғы 23 қараша – Елші Н.Сейтімов Қазақстан Елшілігінде қазақстандық делегацияның және Эстонияның мемлекеттік органдарының өкілдерімен кездесті. Делегация құрамында ҚР ЦДИАӨМ, «Зерде ҰИХ» АҚ, «ҰАТ» АҚ, Нұр-Сұлтан және Ақтөбе қалалары әкімдіктерінің өкілдері, қазақстандық IT-компаниялар мен жаңадан бастаған стартаперлер болды.

Сапардың мақсаты Эстонияның мемлекеттік қызмет көрсету секторында цифрлық кеңістікті құру тәжірибесімен – медицинаның, салық салу, кедендік әкімшілендіру, білім беру, көлік логистикасының электронды жүйелері, сондай-ақ технологиялық хабтарды қалыптастырумен танысу болды.

Кәсіпкерлікті дамыту қорының (EAS) басқарма төрағасы Пеетер Раудсепп осындай байланыстардың болашақта маңыздылығы мен пайдалылығын атап өтті.