Әзербайжан Республикасының Елшісімен кездесу туралы

Әзербайжан Республикасының Елшісімен кездесу туралы

Таллинн, 2021 жылғы 11 қараша -  Қазақстанның Эстониядағы Елшісі Нұрлан Сейтімов Әзербайджан Республикасының Эстония Республикасындағы жаңадан тағайындалған Елшісі Анар Абель оглу Магеррамовпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың және өңірлік өзара іс-қимылдың мәселелері талқыланды.

Соңында Н.Сейтімов А.Маггерамовты Эстония Республикасындағы дипломатиялық қызметінің басталуымен құттықтап, жұмысына табыстар тіледі.