Қазақстан Елшісі эстондық БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді

Қазақстан Елшісі эстондық БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді

Таллинн, 2021 жылғы 4 қараша – Қазақстанның Эстониядағы Елшісі Нұрлан Сейтімов эстондық БАҚ өкілдеріне, соның ішінде Pealinn, Postimees жәнеTallinna Uudised  басылымдары үшін брифинг өткізді.

Әңгімелесу барысында эстон журналистері Қазақстан-Эстония қарым-қатынасының қазіргі жағдайы мен оны кеңейту перспективалары, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудағы тараптардың өзара іс-қимылы, тараптардың мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға күш салуы туралы хабардар болды.

Қазақстандық дипломат эстондық БАҚ өкілдерін Қазақстанның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық даму үрдістерімен, елімізде жүргізіліп жатқан экономикалық және саяси реформалармен, сыртқы саяси бастамалармен және мәдениет пен өнер саласындағы заманауи үдерістермен таныстырды. Бұл ретте Қазақстан Тәуелсіздігінің 30-жылдығын мерекелеуге және елімізде қалыптасқан этносаралық және дінаралық келісім үлгісінің стратегиялық рөліне ерекше назар аударылды.

Кездесуге қатысушылар ежелден келе жатқан тарихи байланыстары бар елдер арасындағы ақпарат алмасуды жаңарту үшін осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.