Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы

Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

Қазақстан Республикасының ұлттық халық санағы 2021 жылғы 1 қыркүйектен 30 қазанға дейін, оның ішінде www.sanaq.gov.kz ресми сайтта 1 қыркүйектен 15 қазанға дейін өткізіледі.

Сонымен қатар, шет мемлекеттерде тұратын Қазақстан азаматтарының санағын өткізу мерзімін 2021 жылғы 8 қарашаға дейін онлайн форматта ұзарту туралы шешім қабылданды.

Онлайн-режимдегі санаққа қатысу үшін, ең алдымен, «www.sanaq.gov.kz» сайтында тіркеуден өту керек. Тіркеуден және авторизациядан сәтті өткеннен кейін толтырылуы қажет санақ парақтарының электрондық нұсқалары қолжетімді болады. Толтырылған санақ парақтары автоматты түрде санақ базасына түседі.