АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ 24-ШІ TRANSLOGISTICA KAZAKHSTAN 2021 - ”КӨЛІК ЖӘНЕ ЛОГИСТИКА” ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ 24-ШІ TRANSLOGISTICA KAZAKHSTAN 2021 - ”КӨЛІК ЖӘНЕ ЛОГИСТИКА” ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ

2021 жылғы 13-15 қазан аралығында Алматы қаласының «Атакент» көрме орталығында 24 -ші қазақстандық «Көлік және логистика» халықаралық көрмесі - Translogistica Kazakhstan 2021 өтуде.

Көрмеге эстондық Estonian Railways, GRS Marine, OPERAIL, SILPORT, Intopex Forward, SILSTEVE, Port of Tallinn, Regreta, HHLA TK Estonia және CF&S Estonia компаниялары ұсынылған.

TransLogistica Kazakhstan мамандарға экспедиторлық компаниялармен және жүк көліктері паркінің, контейнерлердің, вагондардың, теңіз және әуе кемелерінің, терминалдардың және порт инфрақұрылымдарының қожайындарымен тікелей байланыс құру арқылы кез келген коммерциялық жүкті жеткізуді оңтайландыруға, сонымен қатар көлік-логистикалық тізбек құруға арналған сенімді серіктестер табуға және ұтымды шарттарда ынтымақтастыққа келісуге мүмкіндік береді. Жыл сайын TransLogistica Kazakhstan салалық шешімдердің толық кешенін ұсынып келеді: көлік-логистикалық қызмет көрсетуден бастап бағдарламалық жасақтамаға және жүкті өңдеу мен сақтауға арналған жабдықтарға дейін.