Таллиннде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған фотокөрме ашылды

Таллиннде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған фотокөрме ашылды

Таллинн, 2021 жылғы 31 тамыз - Эстония астанасының тарихи орындарының бірінде - ең көне «Кадриорг» саябағында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған «Әлемдік қоғамдастық таныған Қазақстан» атты фотокөрме ашылды.

Таллинн тұрғындары мен қонақтарына Қазақстан қалаларының заманауи келбеті мен сан қырлы табиғатын көрсететін, қазақстандықтардың ерекше мәдени дәстүрлері туралы айтатын және елдің көрнекті өкілдерін таныстыратын фотосуреттер топтамасы ұсынылады. Экспозиция ҚР Сыртқы істер министрлігі мен «ҚазИнформ» халықаралық ақпараттық агенттігі дайындаған фотосуреттерден тұрады.

Көрменің ашылу салтанатына Эстонияның мемлекеттік органдары мен академиялық топтарының өкілдері, мәдениет және ғылым қызметкерлері, қазақ диаспорасы мен «Dimash Estonian Dears» фан -клубының мүшелері қатысты. Іс-шара қонақтары Қазақстанның Тәуелсіздік алған кезеңінде экономикада, ғылымда, мәдениетте және спортта қол жеткізген табыстарын, елдің ядролық қауіпсіздік саласындағы халықаралық бастамаларын атап өтті.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылында үлкен жұмыстар атқарылды және елдің бейбіт дамуы үшін берік негіз қаланды. Фотокөрме табысты мемлекет құрудың барлық аспектілерінің нәтижелерінің куәсі. - деп Эстонияның Қазақстандағы бұрынғы Елшісі Ян Хейн мырза атап өтті.

Фотокөрмені ашқан Қазақстан Республикасының Елшісі Нурлан Сейтімов қонақтарға Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы, республикадағы ағымдағы қоғамдық-саяси процестер, елдің сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы ақпарат берді. Қазақстандық бейбітшілік пен келісім формуласы бөлек атап өтілді, соның арқасында ұлтаралық және конфессияаралық тұрақтылық сақталды.

Көрмені Қазақстанның Эстониядағы Елшілігі ұйымдастырды және ағымдағы жылдың 17 қыркүйегіне дейін жалғасады.