Қазақстан Елшісі Таллинн мэрімен кездесті

Қазақстан Елшісі Таллинн мэрімен кездесті

Таллинн, 2021 жылғы 22 маусым - Елші Нұрлан Сейтімов Таллинн қаласының мэрі Михаил Кылвартпен кездесті.

Сұхбат барысында тараптар өңіраралық ынтымақтастықты, Қазақстандағы экономикалық және саяси реформаларды, сондай-ақ Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткізілетін іс-шараларды талқылады. Осы тұрғыда қазақстандық дипломат сұхбаттасушыны саяси саладағы институционалдық қайта құрулар туралы хабардар етті.

Екіжақты мәдени-гуманитарлық және сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту және нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша Эстония астанасы мен Қазақстан облыстары арасындағы байланысты жандандыру жөніндегі практикалық шаралар туралы келісімге қол жеткізілді.