Қазақстан мен Эстонияның парламенттік достық топтары онлайн режимінде кездесу өткізді

Қазақстан мен Эстонияның парламенттік достық топтары онлайн режимінде кездесу өткізді

Таллинн, 2021 жылғы 4 маусым – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Эстония Рийгикогу парламентаралық ынтымақтастық топтарының онлайн-отырысы өтті.

Топтардың жетекшілері Б.Бекжанов пен А.Муст парламенттер арасындағы өзара іс-қимылды дамытуды, ең алдымен, тиісті парламенттік бірлестіктердің жұмысын күшейтуге байланысты, сондай-ақ екіжақты және көпжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Эстония тарапына Қазақстанда жүргізіліп жатқан экономикалық және саяси реформалар туралы ақпарат берілді.

Кездесу соңында депутаттар Қазақстан мен Эстония арасындағы парламентаралық диалогты нығайтуға бағытталған ынтымақтастықты жалғастыру туралы келісімге келді.

Іс-шараға екі елдің Елшілері Нұрлан Сейтімов пен Хейти Мяемеэс қатысты.