Қазақстан мен Эстония экономикалық ынтымақтастықты дамытуда

Қазақстан мен Эстония экономикалық ынтымақтастықты дамытуда

Таллинн, 2021 жылғы 26 мамыр - Эстониядағы Қазақстан Елшілігі, Эстонияның Қазақстандағы Елшілігі, Эстония Сауда-өнеркәсіп палатасы және «Kazakh Invest Ұлттық компаниясы» АҚ онлайн-форматта қазақстан-эстон бизнес форумын өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты - Қазақстан мен Эстония кәсіпорындары арасында тікелей байланыс орнатуға жағдай жасау, нарықтардағы ахуал туралы ақпарат алмасу, екі елдің пандемиядан кейінгі сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын дамыту.

Бизнес-форумға екі елдің дипломатиялық миссияларының басшылары, сондай-ақ қазақстандық және эстондық компаниялардың 50-ден астам өкілдері қатысты.