Қазақстан мен Эстония парламентаралық ынтымақтастықты белсенді түрде дамыту туралы уағдаласты

Қазақстан мен Эстония парламентаралық ынтымақтастықты белсенді түрде дамыту туралы уағдаласты

Қазақстан Елшісі Н.Сейтімов Эстония Республикасы Рийгикогу (Парламенті) Білім комиссиясының төрағасы Ааду Муст мырзамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында өткен парламенттік сайлаудың қорытындылары және Қазақстандағы саяси реформалардың барысы, екіжақты саяси және экономикалық байланыстарды тереңдетудің перспективалары, сондай-ақ, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30-жылдығын мерекелеу шеңберіндегі бірлескен іс-шаралар талқыланды. Сонымен қатар, білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытуды заңнамалық қамтамасыз ету мәселелері қозғалды.

Парламентшілерді екіжақты ынтымақтастық орбитасына неғұрлым белсенді тартуға ерекше назар аударылды. Осыған байланысты тараптар Covid-19 пандемиясынан кейінгі кезеңде Қазақстан мен Эстония арасындағы парламентаралық байланысты кеңейту қажеттігін атап өтті.