Қазақстанның Эстониядағы Елшілігі жанындағы сайлау учаскесінде ҚР Парламенті Мәжілісіне сайлау өтті

Қазақстанның Эстониядағы Елшілігі жанындағы сайлау учаскесінде ҚР Парламенті Мәжілісіне сайлау өтті

2021 жылғы 10 қаңтарда Қазақстанның Эстониядағы Елшілігінің ғимаратында орналасқан №302 сайлау учаскесінде Қазақстан Парламенті Мәжілісіне сайлау өтті.

Саяси партияларға дауыс беру рәсімі Эстония аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-шаралар аясында қолданыстағы санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес өтті.

Дауыс беру күні өзінің сайлау құқығын іске асырған қазақстандықтар елімізде жүргізіліп жатқан реформалар туралы оң пікір білдірді, оның ішінде әйелдер мен жастарды елдің саяси өміріне неғұрлым белсенді тарту үрдісін атап өтті.