Эстония Парламентінде Қазақстандағы саяси жаңғырулар талқыланды

Эстония Парламентінде Қазақстандағы саяси жаңғырулар талқыланды

Таллин, 2025 ж. 25 қыркүйек – Қазақстанның Елшісі А.Қөлгінов Рийгикогудың депутаты, «Қазақстан – Эстония» достық тобының төрағасы В.Белобровцевпен кездесіп, қазақстан-эстон қарым-қатынастарының екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Елші А.Қөлгінов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жылғы 8 қыркүйекте жариялаған Жолдауындағы негізгі тұжырымдармен және елде жүзеге асырылып жатқан демократиялық жаңғырулардың басты бағыттарымен бөлісті. Тараптар сондай-ақ саяси жүйені бірізді дамыту мен азаматтардың мемлекеттік басқару үдерістеріне қатысуын арттырудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстан мен Эстония арасындағы экономикалық әріптестікті тереңдету перспективалары қарастырылды. Атап айтқанда, көлік және логистика, цифрландыру, жасанды интеллект, ауыл шаруашылығы және білім беру салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу соңында тараптар екі ел арасындағы диалогты одан әрі нығайтып, жемісті әріптестікті дамытуға сенім білдірді.