Қазақстандағы парламенттік сайлаудың қорытындысы

Қазақстандағы парламенттік сайлаудың қорытындысы

2021 жылғы 10 қаңтарда өткен Қазақстандағы парламенттік сайлаудың қорытындысы шығарылды.

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы парламент сайлауының қорытындысын жариялады. Nur Otan партиясы - 71,09% (76 орын). AQ JOL партиясы - 10,95% (12 орын). Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) – 9,10% (10 орын). «Ауыл» (5,29%) және ADAL (3,57%) партиялары қажетті шекті 7% жинай алмады.

Мәжіліске Қазақстан халқы Ассамблеясынан 9 депутат кіреді.

Саяси партияларға 7 241 562 адам дауыс берді. Оның ішінде: - Қазақстанның Халық партиясы үшін - 659 019 (9,10 %), - Nur Otan партиясы үшін– 5 148 074 (71,09%), - «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы үшін - 383 023 (5,29 %), - AQ JOL демократиялық партиясы үшін – 792 828 (10,95%), ADAL саяси партиясы үшін - 258 618 (3,57 %).