"KazAID" Қазақстандық халықаралық даму Агенттігі" АҚ құрылды

"KazAID" Қазақстандық халықаралық даму Агенттігі" АҚ құрылды

Мемлекеттің 100% қатысуымен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне бағынысты ұйым түріндегі "KazAID" Қазақстандық халықаралық даму Агенттігі» Акционерлік қоғамы құрылды.

Аталмыш құрылым ұлттық дамуға ресми көмек жүйесін іс жүзінде институцияландыруға және жүйелендіруге мүмкіндік бермек.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен шет елдердегі мекемелерінің ұсыныстары негізінде Ауғанстан мен Орталық Азия елдеріне Халыққа қызмет көрсету және Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарын құруды, "Электронды Үкімет" жүйесін енгізуді, су ресурстарын ұтымды пайдалану мен қолданыстағы сумен қамтамасыз ету жүйелерін жаңғыртуды, бірқатар салаларда біліктілікті арттыруды және т.б. көздейтін 13 дамуға ресми көмек жобаларының тізбесі әзірленді.