Қазақстан мен Франция өңірлері арасындағы ынтымақтастық

Қазақстан мен Франция өңірлері арасындағы ынтымақтастық

Страсбург, 2025 жылғы 7 ақпан – Бас консулдықтың дипломаттары Эльзас Еуропалық қауымдастығы Президентінің кеңесшісі Каролин Кельнермен және Қоршаған орта және ауыл шаруашылығы департаментінің директоры Жан Ришермен кездесті. Кездесу барысында Алматы және Маңғыстау облыстары әкімдіктері мен Эльзас Еуропалық қауымдастығы арасында 2024 жылы Страсбург қаласында қол қойылған өзара ынтымақтастық туралы Меморандумдарды іске асыру мәселелері талқыланды.

Келіссөздер барысында тараптар инвестициялық диалогты дамыту және екі ел арасындағы туристік мүмкіндіктерді кеңейту бойынша бірлескен іс-шараларды өткізу жөніндегі ұсыныстарды нақтылады. Әңгімелесу барысында француз өңірінің экономикалық және мәдени алаңдарын пайдалана отырып, жақын арада тақырыптық дөңгелек үстелдер мен презентациялар ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Тараптар 2025 жылға жоспарланған бірлескен жобалар Францияның Үлкен Шығыс өңірінің іскерлік және қоғамдық топтары үшін Қазақстанның инвестициялық және туристік тартымдылығын арттыруға ықпал ететініне келісті.