ЕКПА Қазақстандағы Реформаларды Жүзеге Асырудағы Прогресті Құптайды

ЕКПА Қазақстандағы Реформаларды Жүзеге Асырудағы Прогресті Құптайды

Страсбург, 2024 жылғы 19 сәуір – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина мен сенатор Жанна Асанова бастаған Парламент Сенатының парламенттік делегациясы Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының көктемгі сессиясына қатысып, еуропалық консерваторлар мен демократиялық альянстың, сондай-ақ Біріккен еуропалық солшыл топтардың саяси топтарының отырыстарында сөз сөйледі.

Еуропалық әріптестер елімізде жүргізіліп жатқан «Әділ Қазақстан» құруға бағытталған саяси және демократиялық реформалардың іске асырылуы туралы хабардар болды. Қазақстанның Еуропа Кеңесімен және парламенттік Ассамблеямен әріптестік қатынастарын дамытуды, сондай-ақ адам құқықтарын қорғау, демократия, заң үстемдігі мәселелерін талқылады.

ЕКПА Төрағасы Теодорос Русопулос, сондай-ақ Ұлттық делегациялардың басшылары – Жовт Немет (Венгрия), Киммо Кильинен (Финляндия), Бертран Буикс (Франция), Рубен Рубинян (Армения) Элизабетта Гардини (Италия), Эмануэлис Зингерис (Литва) Қазақстанға жан-жақты жәрдемдесуді демократиялық мемлекетті одан әрі құруды жалғастыруға және ҚР Парламентімен тұрақты байланыстарды сақтауға дайын екендіктерін білдірді.

Т.Русопулос Мемлекет басшысының саяси бастамаларын, әсіресе, парламенттік оппозиция институтын заңнамалық тұрғыдан енгізу, партиялық тізім бойынша әйелдер мен жастарға арналған квоталар, гендерлік теңдік және өлім жазасын алып тастау жөніндегі бастамаларын жоғары бағалады.

Саяси топтардың жетекшілері Дж.Лиддел-Гранджер (Ұлыбритания) мен А.Хунко (Германия) да Астананың саясатын қолдайтынын білдірді.

18 сәуірде Еуропа Кеңесінің штаб-пәтерінде парламенттік делегациялар, дипкорпус, Еуропа Кеңесі институттары мен ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен ҚР Парламенті мен ЕКПА арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылуының 20-жылдығына арналған «Қазақстан мен ЕКПА арасындағы ынтымақтастық тәжірибесі мен перспективалары» тақырыбында сайд-ивент өтті.

Вице-Спикер О. Перепечина контрагенттердің назарына президенттік және парламенттік сайлаудың нәтижелері туралы толық ақпаратты жеткізді, сондай-ақ геосаяси сын-қатерлер жағдайында Қазақстанның Еуропалық Одақпен қарқынды ынтымақтастығы туралы түсініктемелер берді.

Ж. Асанова жақында Қазақстанда қабылданған әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған тұрмыстық зорлық-зомбылықты криминализациялау туралы Заңға жеке тоқталды.

ҚР Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың және отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі конвенцияға (Стамбул конвенциясы) қосылу процесін талқылау барысында сенатор Ж.Асанова қазіргі уақытта осы саладағы заңнаманы реформалау жүзеге асырылып жатқанын түсіндіріп, Қазақстандық заңнама Стамбул конвенциясының ережелеріне 70% сәйкес келетінін растады.

Нидерланды, Германия, Франция тұрақты өкілдіктерінің және Стамбул конвенциясы тараптары комитетінің (Гревио) өкілдерімен жеке кездесу барысында гендерлік тақырып бойынша сындарлы диалог өтті.

Ағымдық жылдың 17 сәуірінде ЕКПА-ның бірқатар депутаттары «Қазақстанның Адам құқықтары, демократия және Еуропа Кеңесімен ынтымақтастық саласындағы ілгерілеуі» атты декларация қабылдап, құжатта Қазақстанның демократиялық және саяси реформалардағы Елеулі ілгерілеуі жоғары бағаланды.

ЕКПА Қазақстанды өңірдегі негізгі әріптес ретінде қарастыра отырып, Қазақстан мен Еуропа Кеңесінің институттары арасындағы ынтымақтастықтың деңгейіне қанағаттанғандығын білдірді.

Еуропалық парламентарийлер Еуропа Кеңесі Министрлер комитетінің 2024-2027 жылдарға арналған Қазақстанмен көршілес ынтымақтастықтың басымдықтарын қабылдауын құптады. Іске асырылуы биылға жоспарланған бұл басымдықтар Қазақстанның ұлттық заңнамасын жетілдіруге және оны еуропалық стандарттарға сәйкестендіруге бағытталған.

Нәтижесінде ЕКПА депутаттары Қазақстанды Еуропа Кеңесінің құндылықтарымен сәйкес келетін барлығына қатысты инклюзивтілік пен теңдік қағидаттарын ұстануға шақырды. Құжатқа тұрақты сілтеме https://pace.coe.int/en/files/33508.