Франция сенаторы Қазақстанның Бас консулдығына келді

Франция сенаторы Қазақстанның Бас консулдығына келді

Страсбург, 2024 жылғы 5 сәуір – Қазақстанның Бас консулы Анель Бақытбекқызы Төменгі Рейн департаментінен Франция Парламентінің сенаторы Андре Решармен кездесу өткізіп, парламентаралық өзара іс-қимыл мәселелерін қоса алғанда, Қазақстан мен Үлкен Шығыс өңірі арасындағы екіжақты қатынастардың перспективалары мен жай-күйін талқылады.

Кездесу барысында А. Бақытбекқызы сенімгерлік қатынастарға негізделген Қазақстан мен Франция арасындағы сауда және мәдени байланыстар жылдан жылға нығайып келе жатқанын атап өтті. Бас консулдың пікірінше, Қазақстан-француз қатынастарын ілгерілетуде "Парламенттік дипломатия" маңызды рөл атқарады. Осы тұрғыда ҚР Парламентінің Сенаты мен Мәжілісінде құрылған парламентаралық ынтымақтастық топтарының мүшелері қатарындағы қазақстандық парламентшілер халықаралық конференциялар жұмысына қатысуға маңызды мән бере отырып, француз және еуропалық әріптестерімен өзара іс-қимылды дамытуға дайын.

Тараптар Қазақстан мен Францияның халықаралық күн тәртібіндегі көптеген мәселелер бойынша ұстанымдарының ұқсастығына келісіп, әр түрлі диалог алаңдарында әріптестікті одан әрі кеңейтуге мүдделі екендігіне келісті.

Қазақстандық дипломат "Қазақстанның достары" арасынан Францияның заң шығарушы органының өкіліне ҚР Бас консулдығына жан-жақты көрсетер қолғабыс үшін алғыс білдіріп, ҚР жергілікті саяси және іскер топтардың өкілдерімен екіжақты ынтымақтастығының күн тәртібін арттыру қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, 2024 жылғы маусымда Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.

Әңгімелесу үстінде, Қазақстанда жалпыхалықтық референдумді қоса алғанда, бес сайлау науқаны өткенін және қазіргі уақытта отандық экономиканы әртараптандыруға және шетелдік инвестицияларды ынталандыруға бағытталған ауқымды реформалар жалғасып жатқаны атап өтілді.

Өз тарапынан сенатор А.Решар, мемлекеттеріміз арасындағы дипломатиялық қатынастар орнаған сәттен бастап Франция Қазақстанды Орталық Азия өңірінде өзінің сенімді саяси және экономикалық серіктесі ретінде қарастыратынын, және бұл ретте ынтымақтастықтың барлық спектрі бойынша елдердің үдемелі өзара іс-қимылын ерекше атап өтті.

Сенатор Андре Решар – Сауда-өнеркәсіп палатасының бұрынғы бас директоры және Эльзас аймағының вице-президенті, Еуропа істері жөніндегі комитеттің вице-президенті, Конституциялық заң, заңнама, жалпыға бірдей сайлау құқығы, ереже және жалпы әкімшілік мәселелер жөніндегі комитетінің хатшысы, «Республикашылдар» тобының өкілі және «Қазақстанның достары» тізімде.