Қазақстандық Arba Wine шарап өнімдерінің Францияда экспорттық әлеуетін ілгерілету

Қазақстандық Arba Wine шарап өнімдерінің Францияда экспорттық әлеуетін ілгерілету

Страсбург, 2024 жылғы 2 сәуір – Страсбург Халықаралық басқарушы мектебінің алаңында қазақстандық Arba Wine шарап өнімдерінің Францияда және Еуропада экспорттық әлеуетін ілгерілету мақсатында онлайн семинар өткізілді. Өткізілген презентация нәтижесінде, бизнес-мектептің менеджменті мен тыңдаушылары арасынан семинарға қатысушылар, Arba Wine брендінің құрылу тарихы, жүзімдіктердің ерекшеліктері және өндірушінің ассортименті туралы ақпарат алды.

Сұрақ-жауаптар сессиясы барысында еуропалық тұтынушылар арасында отандық өнімді ілгерілетудегі заманауи құралдарды қолдану тұрғысынан жан-жақты пікір алмасты. Талқылаудың негізгі тезистерінің арасында: «Францияда Arba Wine брендін қалай дамытуға болады?», «Еуропалық сатып алушыны қызықтыру үшін жапсырмада қандай ақпарат болуы керек?» және т.б. сияқты сұрақтар болды.

Семинар соңында Еуропалық әріптестер өз ұсынымдарын баяндап, Arba Wine шараптарының дәмін тата алды.