Францияның Үлкен Шығыс өңірінің дипломатия басшысымен ҚР-дағы реформалар туралы сұхбат

Францияның Үлкен Шығыс өңірінің дипломатия басшысымен ҚР-дағы реформалар туралы сұхбат

СТРАСБУРГ, 2024 жылғы 16 ақпан – Бас Консул Анель Бақытбекқызы Францияның Үлкен Шығыс өңірінің дипломатиялық кеңесшісі Филипп Лакостпен кездесу өткізді.

Әңгіме барысында А.Бақытбекқызы Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғыру үдерісі туралы толық ақпарат берді. Жергілікті дипломатия басшысына ҚР Президентінің жаңа Үкімет алдына қойған мемлекеттің түрлі секторларындағы міндеттері туралы айтылды.

Кең ауқымды диалогта дипломаттар іргелі сыртқы саясат мәселелеріне, соның ішінде аймақтық және жаһандық қауіпсіздігі, азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық жүйесін жетілдіру, көміртексіз болашақты ұстану, су тапшылығы мәселелерін шешу және басқа да бірқатар әмбебап құндылықтарға назар аударылды.

Қазақстан көпжақты ұйымдармен ынтымақтастықты кеңейту бағытымен өзара тиімді байланыстардың жақтаушысы болып табылатынын атап өтіп, ҚР Бас консулы Ф.Лакостты ҚР 2024 жылы бірнеше халықаралық беделді ұйымдарда (ШЫҰ, ҰҚШҰ, АӨСШК, ТКҚ, Аралды құтқару қоры, АҚИҰ) төрағалығы туралы хабардар етті.

Қазақстан экономикасын жаңғырту жөніндегі кешенді шаралар мәселелерін қозғай отырып, мемлекеттің инвестициялық тартымдылығы мен Еуропа мен Азия арасындағы тиімді географиялық орналасуы жайлы мәлімденді.

Дипломаттардың мазмұнды әңгімелесуі сондай-ақ жоғары дәрежелі халықаралық делегациялардың, ірі компаниялар өкілдерінің, беделді сарапшылар тұлғасындағы іскер және ғылыми топтардың қатысуымен ОА аймағындағы ең ірі Астана халықаралық форумымен қоса, алдағы ынтымақтастықтағы күн тәртібіндегі маңызды іс-шараларды қамтыды.