Страсбург, 2023 жылғы 13 наурыз – Қазақ-француз отбасылары бір-бірін және Қазақстанды келе жатқан жарқын "Көрісу" және "Наурыз" мейрамдарымен құттықтау, соған қоса екі елдің халықтарына бейбітшілік, өркендеу және амандық тілеу үшін Эльзаста кездесті.
Бұл іс-шара Страсбургтағы ҚР Бас консулдығының көмегімен француздарды қазақ мәдениеті мен дәстүрлерімен таныстыру, қазақ-француз отбасыларының достық байланыстарды нығайтуға еліктіру және халықтық дипломатияны ілгерілету мақсаттармен ұйымдастырылды.
Ерлі-зайыптылар Францияда тұрып, қазақ дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сақтайтынын, ал балалары екі мәдениет пен тілдерімен байытылған бақытты атмосферада өсетінін айтты.
"Ақмер екеуміз қазақ дәстүрін сақтауға тырысамыз. Қызымыз дүниеге келгеннен кейін біз "Қырқынан шығару", ал бір жылдан кейін ол жүре бастаған кезде "Тұсау кесерін" де өткіздік. Біз Қазақстанға жиі ұшып, туыстарымызға да қонаққа әр жолы барамыз. Қазақстанды келе жатқан көктем мерекелерімен құттықтағымыз келеді. Қазақстанның әйелдер қауымын біздің отбасымызда ерекше орын алатын, Халықаралық әйелдер күнімен жеке құттықтаймыз. Франциядағы туыстарымызбен және достарымызбен сөйлесе отырып, біз күн сайын Қазақстанның мәдениеті мен дәстүрлерін насихаттаймыз", - деп банкир Филипп Пелегри бөлісті.
"Локомативті құрастыратын қазақстан-француз бірлескен зауытының құру мақсатында мен Астанада сегіз жылдан астам жұмыс жасап, Жанармен таныстым. Мен сіздің еліңізге, оның ерекше мәдениетіне, ежелгі дәстүрлеріне және рухани адамдарына қатты таң қалдым. Кейбір қазақ сөздерін де үйрендім. Қазақ туыстарымның маған деген жылы қарым-қатынасын өте жоғары бағалаймын. Жұбайымның әпкелерінің күйеулері мені "біздің француз бажамыз" деп атайтыны және менімен сөйлесуге тырысатыны мен үшін сүйсінерлік. Осы ерекше жылулықпен біз туыстарымызды және барлық қазақстандықтарды "Көрісу" және "Наурыз" көктемгі мерекелерімен құттықтағымыз келеді. Мен Қазақстанға Франциямен экономикалық жобаларды дамытуға, әсіресе бірлескен кәсіпорындар үшін техникалық мамандарды даярлауда көмектескім келеді, өйткені қазақстандықтар көп нәрсеге қол жеткізе алатын, өте дарынды және қабілетті халық", - деп инженер Патрик Бидо атап өтті.
Ерлі-зайыптылар Антони мен Шынар Плэ ғылыммен айналысып, жасыл энергетика және электротехника саласында зерттеулер жүргізеді. Олар сондай-ақ екі ел арасындағы екіжақты жоғарғы оқу және ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға өз үлестерін қосуға дайын.
Іс-шара барысында қазақстандықтар алдағы парламенттік сайлауды қоса алғанда, елдегі ағымдағы ішкі саяси оқиғалармен танысты. Сонымен бірге, оларға Париждегі сайлау учаскесінде Франциядағы ҚР Елшілігінде өзінің дауысын беруге мүмкіндіктері бар болатыны айтылды.