Қазақстан өкілдеріне арналған Семинар - Еуропа Кеңесінің конвенциялары туралы хабардарлықты арттыру

Қазақстан өкілдеріне арналған Семинар - Еуропа Кеңесінің конвенциялары туралы хабардарлықты арттыру

СТРАСБУРГ, 24 мамыр 2022 ж.– 2022 жылғы 23–25 мамырда Қазақстанның мемлекеттік билік органдарының өкілдері Еуропа Кеңесінің штаб-пәтерінде Страсбургте (Франция) үшкүндік оқыту семинары барысында Еуропа Кеңесінің конвенциялар жүйесі туралы өз білімдерін кеңейтті.

Сапар Еуропа Одағы мен Еуропа Кеңесінің 2020–2023 жылдарға арналған Орталық Азиядағы құқық үстемдігін қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен бағдарламасы аясында «Еуропа мен Орталық Азия арасында ортақ құқықтық жүйесі құруға жәрдемдесу және адам құқықтарын қорғауды күшейту» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

Қазақстан өкілдері Еуропа Кеңесі хатшылығымен пікір алмасып, кездесулер өткізді, бұл Еуропа Кеңесі конвенцияларының жүйесін, сондай-ақ ұлттық жүйе үшін міндеттемелерді, артықшылықтар мен салдарларды жақсы түсінуге мүмкіндік берді.