Страсбургтағы дипломатиялық миссия Қазақстанның Бас консулдығы болып өзгертілді

Страсбургтағы дипломатиялық миссия Қазақстанның Бас консулдығы болып өзгертілді

Страсбург, 2021 ж. 17 мамыр - Страсбург (Франция) қаласында жұмыс істейтін дипломатиялық өкілдіктің трансформациясы нәтижесінде құрылған осы қаладағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығының ресми ашылуы болды.

Салтанатты рәсімге Қазақстанның Франциядағы Елшісі Жан Ғалиев, Үлкен Шығыс өңірі аймақтық кеңесі Төрағасының бірінші орынбасары Жан-Люк Боль, Франция парламентінің сенаторы Андре Рейшар, Еуропа Кеңесі Бас хатшысының орынбасары Бьёрн Берге, сонымен қатар аймақтық префектура, қалалық әкімдік, дипломатиялық корпус өкілдері және қазақстандық студенттер қатысты.

Іс-шараны аша отырып, Елші Бас консулдықтың ашылуы біздің азаматтарымыздың мүдделерін қорғау, екіжақты қатынастарды орталықсыздандыру және еуропалық құрылымдармен ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру үшін маңызды екенін баса айтты.

Қазақстан үшін Франция – халықаралық аренада тұрақты стратегиялық серіктес және сенімді дос. Франция Қазақстанмен стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойған алғашқы еуропалық мемлекет болды. Нұр-Сұлтан осы деңгейдегі Париж үшін Орталық Азиядағы жалғыз серіктес болып қала береді.

Тек Францияның ғана емес, бүкіл Еуропаның мемлекеттік, экономикалық және мәдени қалыптасуының жалпы тарихын қамтыған аймақтың ерекшелігін ескере отырып, Бас консулдықтың алдында Қазақстан азаматтарының мүдделерін қорғау, сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту, консулдық және заңдық қызметтер көрсету мәселелері тұрады.

Франция мен Еуропа Кеңесінің жоғары дәрежелі өкілдері байланыстар мен жүйелі диалогты жандандыру Үлкен Шығыс өңірімен ынтымақтастықты тереңдетуге және кеңейтуге, сондай-ақ ежелгі еуропалық ұйым институттарымен өзара әрекеттесумен жаңа мазмұнды толтыруға ықпал ететініне сенім білдірді.

Өз тарапынан, Б.Берге Қазақстан Еуропа үшін Орталық Азияға көпір бола отырып, Еуропа Кеңесі үшін өңірдегі ескі және басты серіктес болып қала беретіндігін атап өтті.

Ж.Боль Еуропа астанасында Бас консулдықтың ашылуын құттықтай отырып, серіктестіктің дамуына жан-жақты ықпал етуге уәде берді.

Беделді және тәжірибелі саясаткер А.Рейшар Франция Сенатындағы Орталық Азиямен парламентаралық достық тобының мүшесі бола отырып, ол өзін Қазақстанның жақтасымын деп санайтындығын баса айтты. Оған ЭКСПО-2017 сапары кезінде біздің елдің әлеуеті мен болашағы әсер етті.

Анықтама үшін: Бас консулдықтың құзыретіне он департамент кіретін Францияның Үлкен Шығыстағы аймағының аумағы кіреді. Тарихи дамыған Эльзас, Лотарингия, Шампан және Вогез - осы аймақтың негізін құрайды және қуатты экономикалық әлеуетке ие. Машина жасау, металлургия, химия, фармацевтика, электротехника, ауыл шаруашылығы, агроиндустрия және дамыған «жасыл экономика» жыл сайын аймақтық ЖІӨ-нің 150 млрд. еуросына дейін құрап, Үлкен Шығысты Франциядағы жетекші орынға шығаруда. 5,5 млн. халқы бар және аумағы бойынша Швейцариямен салыстыруға болатын аймақ, еуропалық және әлемдік нарықтардағы бәсекелестік артықшылықтарын сенімді түрде сақтайды. Аймақтың Қазақстанмен инвестициялық және технологиялық ынтымақтастықты дамытуы үшін үлкен әлеуеті бар.