Еуропа кеңесінің басшылығымен Қазақстанмен ынтымақтастық пен реформаларды жүзеге асыру барысын талқылады

Еуропа кеңесінің басшылығымен Қазақстанмен ынтымақтастық пен реформаларды жүзеге асыру барысын талқылады

Страсбург, 2021 жылдың 13 сәуірі – Еуропа кеңесі Бас хатшысының орынбасары Бьёрн Берге Ұйымның Қазақстанмен ынтымақтастығының қазіргі деңгейіне қанағаттанушылық білдіріп, елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси реформаларды құптайтынын жеткізді.

Сұхбаттасушысын жоғары лауазымға сайлануымен құттықтай отырып, Қазақстанның Страсбургтағы Бас консулы Әнуарбек Ахметов оны еліміздегі және Орталық Азия өңіріндегі қазіргі жағдай туралы хабардар етіп, оған Қазақстанда орын алып жатқан өзгерістер жайында анықтамалық материалдар табыстады.

Өз кезегінде Б. Берге демократиялық қалыптасуында Еуропа кеңесі де елеулі ойнаған Қазақстанды тәуелсіздігінің 30-жылдығымен құттықтай отырып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған реформаларға қолдауын білдірді.

Сондай-ақ, тараптар екіжақты күн тәртібінің негізгі басымдықтарын, соның ішінде мемлекетіміздің Еуропа кеңесінің бірқатар конвенцияларына қосылу жоспарлары, Венециялық комиссия, Коррупцияға қарсы мемлекеттер тобы (ГРЕКО) және Еуропа кеңесінің парламенттік ассамблеясымен (ЕКПА) өзара іс-қимыл бойынша пікір алмасты. Б. Бергенің айтуынша «2019–2022 жылдарға арналған Қазақстанмен тату көршілік ынтымақтастықтың басымдықтары» бағдарламасын табысты іске асыру кеңестің Орталық Азияның барлық елдерімен ынтымақтастықты нығайту үшін жағымды үлгіге айнала алатынына сенімділігін айтты.