ЕКПА Бас хатшысы   Қазақстанмен парламенттік ынтымақтастықты құруға ниет білдіріп отыр

ЕКПА Бас хатшысы   Қазақстанмен парламенттік ынтымақтастықты құруға ниет білдіріп отыр

СТРАСБУРГ, 31 наурыз 2021ж. - Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының (ЕКПА) Бас хатшысы Деспина Хадзивасилиу-Цовилис Қазақстан Республикасының Президенті жүргізген ішкі саяси және әлеуметтік реформалардың белгіленген бағытын қолдайтынын білдірді.

  Оны Еуропадағы ең ежелгі парламентаралық институттағы жетекші қызметке сайлануымен құттықтай отырып, Қазақстан Республикасының Страсбургтағы Бас консулы Әнуарбек Ахметов биылғы Тәуелсіздіктің 30-жылдығын атап өтіп жатқан Қазақстанда болып жатқан қайта құрулар туралы айтты.

  «Тыңдаушы мемлекет» құрудың маңыздылығымен келісе отырып, ЕКПА Хатшылығының басшысы Қазақстан басшылығының заңның үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтық қоғамның рөлін күшейту және көппартиялық жүйені қалыптастыру жөніндегі жалпы ұстанымын қанағаттанушылықпен атап өтті.

  Саяси реформаларды қарастыра отырып, ЕКПА Бас хатшысы өлім жазасын жою арқылы Қазақстан бүкіл аймақ үшін және Ұйымның кейбір мүшелері үшін үлгі болды деп мәлімдеді.

  Тараптар сонымен бірге Қазақстан Парламенті мен Парламенттік Ассамблея арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын егжей-тегжейлі талқылады.  Пандемияға қарамастан, парламентаралық байланыстар күшейтіледі.  Қазақстандық сенаторлар еуропалық парламентшілермен көптеген мәселелер бойынша сенімді, ашық диалог құруға мүдделі екендігі баса айтылды.