Қазақстан мен Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясы парламентаралық ынтымақтастық перспективаларын талқылады

Қазақстан мен Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясы парламентаралық ынтымақтастық перспективаларын талқылады

Страсбург, 22-24 маусым 2026 жылғы – Сенатор Евгений Больгерт Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының (ЕКПА) жазғы сессиясына қатысты.

Сапар барысында Е.Больгерт Ассамблея Президенті Петра Байрмен (Австрия) келіссөздер жүргізді. Тараптар Қазақстан мен ЕКПА арасындағы парламентаралық өзара іс-қимылдың перспективаларын талқылады. Жаңа Конституцияның қабылдануы аясында Қазақстандағы алдағы саяси өзгерістер жеке сөз болды. П.Байрға Құрылтайға алдағы сайлауға дайындық барысы туралы ақпарат берілді.

Өз кезегінде, ЕКПА Төрайымы Ассамблея депутаттарының Қазақстанның жаңа Парламентіне сайлауды бақылауға қатысуға деген қызығушылығының артқанын атап өтті.

Қазақстандық депутаттың «Еуропалық консерваторлар, патриоттар және одақтастар» фракциясының Төрағасы Жольт Неметпен, «Еуропалық халық партиясы» фракциясының Төрағасы Пабло Испанмен, «Еуропа үшін либералдар мен демократтар одағы» фракциясының Төрағасы Юлиан Булаймен, «Социалистер, демократтар және жасылдар» фракциясының Төрағасы Франк Швабемен, ЕКПА-дағы Германия ұлттық делегациясының Жетекшісі Кнут Абрахаммен, сондай-ақ ЕКПА депутаттар корпусының дуайені Эмануэлис Зингериспен екіжақты кездесулері өтті.

Е.Больгерт әріптестерін елімізде жүргізіліп жатқан демократиялық үдерістер, бір палаталы Парламентке көшуді қоса алғанда, саяси жүйені жаңғырту туралы хабардар етті.

Бұдан басқа, Құрылтай сайлауын бақылауға қатысуды жоспарлап отырған Ассамблея депутаттары тобымен, оның ішінде ЕКПА-ның болашақ миссиясының Басшысы С.Челенкпен кездесу өтті. Алдағы парламенттік сайлау талқыланды, еуропалық депутаттар Қазақстанның қазіргі саяси-партиялық ландшафты туралы ақпараттандырылды.

Өз кезегінде, ЕКПА депутаттары Қазақстанда болып жатқан саяси өзгерістердің ерекшелігін және олардың серпінді сипатын атап өтті.

Ағымдағы сапар барысында Е.Больгерт Құқықтық мәселелер және адам құқықтары комитетінің отырысында сөз сөйледі. Бұл іс-шарада халықаралық-құқықтық ынтымақтастықтың кейбір аспектілері талқыланды.